Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясында, «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, дұрыстығына» жүргізілген аудит нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері, бөлім басшылары,мемлететтік аудиторлары және мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының мүшесі М.Т.Балқыбеков жүргізді және күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.

