Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құрылғанына 30 жыл толу қарсаңында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы 2026 жылғы 10 қыркүйекте «Тексеру комиссияларының қызметін жетілдірудің негізгі мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Аталған іс-шарада Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері мен өңірлердегі 16 тексеру комиссияларының төрағалары бас қосты және бұл бас қосу өзара тәжірибе алмасып, кәсіби байланысты нығайтуға жақсы мүмкіндік болды.
Семинар кеңестің барысында күн тәртібіндегі мәселе, яғни Тексеру комиссиялардың қызметін жетілдіру мақсатындағы атқарылуы қажет іс-шаралар мен ұсыныстар талқыланды. Жалпы алғанда айтулы іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өту қажет.





