Іс—шаралардың бастамасы әлемнің 22 елінің жоғары аудит органдарының өкілдері қатысқан халықаралық конференция болды. Конференция «Болашақ мемлекеттік аудит: инновациялар, цифрлық трансформация және тұрақты даму» тақырыбына арналды. Бүгінгі таңда жасанды интеллект пен цифрлық экономика әлем бойынша мемлекеттік басқарудың архитектурасын қарқынды түрде өзгертуде. Осы жағдайларда жоғарғы аудит органдарының рөлі де өзгерді. Бұл мемлекет қаржысын пайдалануды дәстүрлі тексеруден мемлекеттік шешімдердің сапасымен тәуекелдерін басқарудың стратегиялық орталықтарының біріне айналуға көшуді білдіреді.
Іс-шарада ҚР Президенті Әкімшілігінің, Құрылтайдың, Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлердегі 16 тексеру комиссияларының төрағалары бас қосты. Салтанатты іс-шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Конференция барысында қаржылық бақылау саласының үздіктеріне мемлекеттік наградалар табысталды.



