Анықтама
2026 жылғы 29 қыркүйек күні «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында «Зайырлылық қағидаттары және діни ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет қағидаты, мемлекет пен діни бірлестіктердің арақатынасы, азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығы туралы түсіндірме берілді. Сонымен қатар «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негізгі талаптарға тоқталынды.
Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді. Сондай-ақ діни көзқарасына байланысты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қажеттігі атап өтілді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша терроризмді насихаттау, терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ терроризмді насихаттайтын материалдарды таратуға байланысты заңнамада жауапкершілік көзделгені айтылды.
Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыруға және терроризмге немесе экстремизмге өзге де жәрдемдесуге байланысты жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігі бойынша діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Діни жоралар мен діни рәсімдерді өткізу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатыны айтылды.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындау барысында зайырлылық қағидаттарын сақтау, діни рәсімдер мен діни үгіт-насихатты қызметтік ортаға араластырмау қажеттігі түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, азаматтардың діни сеніміне құрметпен қарауы және қызметтік міндеттерін орындау кезінде бейтараптықты ұстануының маңыздылығы атап өтілді.
Кездесудің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік желілердегі діни ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне арналды. Қатысушыларға интернет желісінде таралатын діни мазмұндағы ақпараттардың барлығы бірдей сенімді әрі дұрыс бола бермейтіні түсіндіріліп, ақпараттың дереккөзіне назар аудару, оның мазмұнын саралау және тексерілмеген ақпаратты таратпау қажеттігі айтылды.
Әлеуметтік желілерде діни бағыттағы контентті жариялайтын күмәнді немесе белгісіз уағызшылардың материалдарына «лайк» баспау, комментарий жазбау, қайта жарияламау және таратпау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге діни алауыздықты, экстремизмді немесе терроризмді насихаттайтын ақпараттарды қолдауға және таратуға жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жеке жауапкершілік таныту, жарияланымдардың мазмұнына мұқият болу, қызметтік мәртебесін ескеру және заңнама талаптарына қайшы келетін ақпараттарды таратпау қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде және қызметтік ортада діни рәсімдер мен діни үгіт-насихатты жүзеге асыруға қатысты заң талаптарын сақтау, қызметтік міндеттерді орындау барысында зайырлылық қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.
Қорытынды: Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының зайырлылық қағидаттары, діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы заң талаптары, діни жоралар мен рәсімдерді өткізу тәртібі, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге байланысты құқықтық жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі діни ақпаратты дұрыс саралау, күмәнді діни уағызшылардың материалдарына қолдау көрсетпеу, «лайк» баспау, комментарий жазбау, қайта жарияламау және таратпау жөнінде нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.








