Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, «Шымкент қаласы бюджетін 2022 жылға жоспарлау барысында бюджет заңнамасының сақталуына және 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» іс-шарасы бойынша жүргізілген аудит нәтижесі бойынша қала бюджеттін жоспарлау , іске асыру барысында бірқатар кемшіліктердің орын алғандығы, яғни бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға жол берілгендігі анықталды. Бюджетті жоспарлау барысында жіберілген кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және қаржы басқармасының жауапты қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері, мемлететтік аудиторлары, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді тексеру комиссиясының мүшесі М.Т.Балқыбеков жүргізді және күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Баяндамада айтылған негізгі түйінді мәселелер: бюджеттің кіріс бөлігінің болжамын қалыптастыру барысында өткен жылдың түсімдерінің өсу қарқыны, сондай-ақ нақты салықтық база есепке алына бермейтіндігі, бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру барысында төмендетілген көрсеткіштер бекітлетіндігі. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарлау болжамдары мен есептердің сапасын жақсартуды қажет етеді. Салықтық емес түсімдердегі бірқатар кіріс көздерінің жоспарына жыл ішінде нақты түсімдерге байланысты өзгерістер ендіріліп отырылады. Оның ішінде, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері, коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер бойынша жоспарлау жұмыстары, түсімдердің жергілікті бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар тарапынан төмен деңгейде атқарылып отыр.
Бағдарлама әкімшілерімен, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында бірқатар кемшіліктер орын алған. 2022 жылға арналған қалалық бюджетті бекіту кезінде тиісті деңгейде зерделенбеген (талданбаған) жобаларды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізіп, өз дәрежесінде сараланбаған жобаларға қаралған қаржылар жыл барысында қайтадан қысқартылған.Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында құрылыстың нормативтік мерзімдері сақталмайды және ол қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, кейбір жағдайларда жобалар құнының қымбаттауына әкеп соғады.
Баяндамашы алдағы уақытта жоғарыдағы кемшіліктерді болдырмау мақсатында қаржы қызметкерлері тарапынан атқарылатын іс-шаралар туралы өзінің пікірлері мен ұсыныстарын талқыға салды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бюджетті жоспарлау және орындалуы барысында жиі кездесетін кемшіліктер мен бұзушылықтар туралы мәселелерді кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.
Тексеру комиссиясының мүшесі М.Т.Балқыбеков




