Салтанатты іс-шара мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органының 30 жылдығына орай өтті.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты отырыс өтті.
Мерекелік шараға Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Нұржан Абдулла Нәлібаев қатысты. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының рөлін нығайтуға ықпал ететін жоғары жетістіктері үшін тексеру комиссияларының үздік қызметкерлері марапаттарға ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Нұрсұлтан Әлібекұлы Әбдезов марапатталды.


