Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.4-тармағында көзделген, атап айтқанда, мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында, семинар ретінде, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларын тарта отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының қызметкерлері арнайы кездесуге шақыртылып, семинар өткізілді.
Кездесу нәтижесі бойынша «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлеріне алған түсіндірме ақпаратын назарға ала отырып, аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеу тапсырылды.


