Шымкент қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудит нәтижелерімен анықталған бұзушылықтардың қорытындысын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысы Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Д.Кенженің төрағалығымен жүргізіліп, тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобы және аудит объектісі Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде жер қойнауын пайдалану және экология саласындағы заңнамалар, келісімшарттардың талаптары мен міндеттемелері бойынша заңнама талаптарының сақталуы, қолдану тәртібі түсіндірілді.
Қатысушылар арасында жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық және әлеуметтік міндеттемелерін орындауы, экологиялық талаптарды сақтауы, жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) мен мемлекетке қайтару мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және ой пікірлер ортаға салынып, ұсыныстарымен бөлісті.
Тексеру комиссиясының мүшесі Д. Кенже



