Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің декларацияны тапсыру бойынша консультациялық көмек көрсету үшін Мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен кездесуі

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету және енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, мемлекеттік кірістер органының мамандары арнайы кездесуге шақыртылып, декларацияны ұсыну бойынша және ұсыну барысында туындаған барлық сұрақтарға жауптар берілді.

          Кездесу нәтижесі бойынша «Шымкент қаласы бойынша тексеру комисиясы» ММ-нің қызметкерлеріне түсіндірме ақпаратын назарға ала отырып, «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларациясы» туралы есептілікті мерзімінде ұсыну және тапсырылған туралы анықтамаларды персоналды басқару қызметіне жолдау тапсырылды.